Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО әкімінің бірінші орынбасары үш ауданның шаруаларымен кездесті

СҚО әкімінің бірінші орынбасары үш ауданның шаруаларымен кездесті

Жексенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов үш ауданға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ол Тайынша ауданында “Аманат”ШҚ-ның шаруашылығымен танысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қой сатып алған. Азамат мемлекеттік қолдау шараларын қолданыпты.

“Мұнда Қостанай және Ақтөбе облыстарынан әкелінген асыл тұқымды қойлар тұр. Бұл – Еділбай тұқымы. Барлығы – 1,5 мың бас. Одан әрі тағы үш отар орналасқан”, – деді Тайынша ауданындағы “Аманат” ШҚ басшысы Шоқан Әлжан.

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов атап өткендей, алдағы уақытта қой өсіріліп, мал басын көбейту үшін облыс ішінде сатылатын болады.

“5 мың бас қой әкелінді. Жайылым жақсы жерде орналасқан, мал мен шопандарға жағдай жасалған. Жақын жерде су айдыны бар”, – деді Берік Әлжанов.

Аграршылар облыс әкімінің бірінші орынбасарына, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігін алды. Тайынша ауданында Марат Тасмағанбетов “МТФ Ясная Поляна” ЖШС-де болды. Сүт кешені 2009 жылы іске қосылды, мұнда мамандар гольштейн тұқымды сиырлар ұстайды. Кәсіпорын иелері тағы бір ферманы іске қосуға дайын. Сондай-ақ, өңір басшысының бірінші орынбасары Ақжар және Уәлиханов аудандарында болып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, оларға өзекті мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді.

Shares