Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

СҚО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

СҚО-да 2024 жылы егіс алқабы 4,5 млн гектарды құрайды. Ағымдағы жылдың егіс науқанына облыс бойынша 13 мыңға жуық түрлі модификациядағы трактор, 14 мың астық сепкіш, 1,5 мың заманауи егіс кешені қатысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шеберханаларында техниканы науқанға дайындау жұмысы аяқталуда. Мемлекет жергілікті шаруаларға 53 мың тоннадан астам дизель отынын бөлді.

“2024 жылы “Петерфельд-Агро” ЖШС бойынша 4162 га алқапқа, “Әйтеке БИ СК” ЖШС бойынша 7334 га алқапқа егін егетін боламыз. Біз бидай, арпа, сұлы, бұршақ қоспасын, жүгері, судан шөбі, жоңышқа мен бұршақ өсіреміз”, – деді “Петерфельд-Агро” ЖШС және “Әйтеке БИ СК” ЖШС бас агрономы Корней Шевченко.

2024 жылы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, серіктестік қызметкерлері орта есеппен бір гектардан 24 центнер астық ала алды. Бұл – арпа мен бидай.

 

 

Shares