Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да жаппай орақ науқаны тамыз айының үшінші онкүндігінде басталады

СҚО-да жаппай орақ науқаны тамыз айының үшінші онкүндігінде басталады

Солтүстікқазақстандық дишандар 4,4 миллион гектар алқаптан астық жинауды көздеп отыр. Оның ішінде – 3,3 миллион га – дәнді және бұршақты дақылдар. Мұндай дерекпен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бөлісті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Ағымдағы жылы облыс бойынша ауа-райы жағдайлары егу үшін де, вегетациялық кезеңнің басталуы үшін де қолайлы болды. Бүгінгі таңда астық дақылдарының 76,5%-ы жақсы жағдайда, 23,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Кейбір фермерлер егін жинауға кірісті. Мәселен, бүгінге дейін 15,9 мың гектар астық орылды. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сапалы өнім алу үшін көктемгі-жазғы кезеңде үлкен жұмыс жүргізді. Сортты жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді, арамшөптерге қарсы 3 326,6 мың га, зиянкестерге – 1178,5 мың га, ауруларға – 1104 мың га өңделді”,- делінген хабарламада.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірде 7,3 мың астық жинайтын комбайн бар. Облыс бойынша астықты қабылдау және сақтау бойынша қызмет көрсететін 46 элеватор жұмыс істейді, олардың сыйымдылығы 3,2 млн тоннаны құрайды.

“Облыс бойынша ауыл шаруашылығы құрылымын қоса алғанда, жалпы сыйымдылық (3,7 млн тонна) 6,9 млн тоннаны құрайды, бұл өңірде өндірілген астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді”,- делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарламасында.

Shares