Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Аққайың ауданының беткеұстар шаруасы кім?

Аққайың ауданының беткеұстар шаруасы кім?

«Дайындық-агро» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов өз ауылының өркендеуіне көңіл бөліп келеді. Бүгін Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылында түрлі кабинеттерден тұратын шағын кешен ашылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Шаймерденовтер әулеті жыл сайын ауылын түрлендіруге көп күш салуда. Қызметкерлерге үй салу, Ленинскийге дейін жол салу, дәмхана, қоғамдық монша, техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысы және т.б. Бұл жолы жергілікті фермер шағын кешен ашты, оның ішінде дүкен, шаштараз, бильярд залы бар, алдағы уақытта мұнда фитнеске арналған құралдар орналастырылады.

«Адамдарға ыңғайлы болу үшін біз бағаларымызды сатып алу бағасының 10 пайызынан аспайтын деңгейде ұстаймыз. Дүкен ағайын азық-түлікті қалаға бармай-ақ арзан бағамен сатып алып үшін ашылды. Мұнда бильярд бар, ауылдың жас-кәрісі таңнан кешке дейін тегін келіп ойнайды. Ауылдағылардың шаршамай, жұмыс істеп, демалуына жағдай жасап жатырмыз», – дейді Біржан Шаймерденов.

Мұндағы сұлулық салоны қаладағыдан еш кем түспейді, дейді жергілікті тұрғындар, мұнда кәсіби мамандар жұмыс істейді. Бильярд залы қазірдің өзінде аға буынның ғана емес, жастардың да сүйікті орнына айналып үлгерді. Дүкенге келетін болсақ, мұндағы сөрелерден алуан түрлі тауарларды табуға болады, бағалары қалта қақпайды. Алған затыңызды пос-терминалдар арқылы сатып алуға болады.

«Бұл өте ыңғайлы, бұрынғы дүкенде қолма-қол ақша төлеуге тура келетін. Ол әрқашан да мүмкін болмайтын. Қазір қолында телефон болса жеткілікті. Тауарлары жақсы, бізге ұнайды. Ғимаратта бильярд үстелі бар, онда жергілікті тұрғындар ойнағанды жақсы көреді. Енді балаларымыздың шашын алу үшін қалаға бармаймыз», – деді ауыл тұрғыны.

«Бұл жерде біз үшін барлық жағдай жасалған. Міне, дүкен ашылды, мұнда сұлулық салоны да бар – бұл халық үшін өте ыңғайлы, өзіңізді ретке келтіру үшін қалаға барудың қажеті жоқ. Біздің аграрийіміз өте жақсы адам, ешқашан да жоқ деген емес», – дейді тағы бір ауыл тұрғыны.

 

 

 

Shares