Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол білім әлеміндегі нұр иесі

Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол білім әлеміндегі нұр иесі

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білікті ұстаздарының бірі – Динара Мұқанова. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 20 жылға жуық шәкірттеріне білім беріп және жинаған бай тәжірибесін өңірдегі әріптестерімен бөлісіп келеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Динара Мұқанова мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне еліктеп, педагогикалық қызметке келгенін жасырмайды. Ол 17 жыл бұрын таңдаған мамандығына өкінген сәті болмапты. Динара Мұқанова еңбек жолын қалалық классикалық гимназияда бастаған. Мұнда 11 жыл бойы балаларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріпті. Ал 2017 жылдан бастап НЗМ-де жұмыс істейді.

Әр сыныптағы балалар ұстаздың ерекше қасиетін атап өтеді.

«Бұл – бізді шабыттандыратын және қолдан келгеннің бәрін жасайтын адам. Оның жұмысына деген ынта-жігері мен адалдығында шек жоқ. Ол әрқашан қолдап, үйретіп, шабыттандырады», – дейді шәкірттері.

Осы күндері Динара Мұқанова Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өтіп жатқан «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында туған мектебінің намысын қорғауда.

 

 

Shares