Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Жауынгерлер ерлігі-ұрпақ жадында: Ярулла Хайрудлинов Сталинград үшін шайқаста ерлік көрсетті

Жауынгерлер ерлігі-ұрпақ жадында: Ярулла Хайрудлинов Сталинград үшін шайқаста ерлік көрсетті

Біз «Жауынгерлер ерлігі-ұрпақ жадында» айдарын жалғастырамыз. Бүгін Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқастарының бірі – Сталинград майданымен тағдыры тығыз байланысты Ярулла Хайрутдиновты еске аламыз. Батырдың өмір жолы жайлы естеліктерімен туыстары бөлісті.

«Ярулла Хайрутдинов 1904 жылы Татар АССР-інде дүниеге келген. 1939 жылы ол Қазақ КСР-іне қоныс аударып, дәл осы жерде соғыстың сұрапыл желіне тап болды. 1941 жылғы 28 тамызда Преснов аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.

1942 жылдың қаңтарында қатардағы жауынгер Хайрутдинов 29-шы атқыштар дивизиясына жіберілді. Бұл дивизия алғашында Тула бағытына жіберіліп, алғашқы ұрысын сонда қабылдауы мүмкін еді. Алайда елдің оңтүстігіндегі жағдай күрт нашарлап, 1942 жылдың шілдесінде 29-шы атқыштар дивизиясы шұғыл түрде Сталинград бағытына аттандырылды. 16 шілдеде дивизия сарбаздары бар эшелондар Жутово станциясына жетті.

1942 жылдың 18 шілдесі мен 4 тамызы аралығында Ярулла Хайрутдинов өз дивизиясымен бірге Дон өзені жағасындағы қорғаныс шебін қаһармандықпен қорғады. Жаудың тоқтаусыз оғынан, өзеннен өтуге талпынған шабуылдарын тойтара отырып, кеңес сарбаздары ерлік пен қайсарлық танытты. Осы ауыр шайқастарда Сталинград қорғаушыларының аңызға айналған даңқы қалыптасты.

Ярулла Хайрутдинов Дон маңындағы ұрыстардың от-жалынынан өтіп, жауға қарсы күресте өз үлесін қосты. 1943 жылдың наурыз айында жарақатына байланысты армия қатарынан босатылды.

Ярулла Хайрутдинов Отан үшін жанын аямай соғысқан мыңдаған қарапайым сарбаздардың бірі ғана. Олардың ерлігі, төзімділігі мен жанқиярлығы – елге деген махаббат пен рухтың мызғымас күші ретінде мәңгі жадымызда сақталады.

Shares