“Botaı – Uly dala mádenıetі” халықаралық симпозиумы: СҚО тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды көрме өтті
Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан жиналған 20 суретші археологиялық ескерткіштің атмосферасын сезініп, еліміздің көрнекті киелі жерлерінің бірін салуға келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қатысушылардың кейбірі Ботай қалашығына жүргізілген қазба жұмыстарының панорамасынан, ежелгі адамдардың баспанасының қайта жаңғыртылуынан, енді бірі облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бірегей жәдігерлерінен шабыт тапты. Пленэр өткен Айыртау ауданындағы Имантау курорттық аймағындағы Шалқардың табиғаты көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
«Botaı – Uly dala mádenıetі» көрмесіне II Халықаралық симпозиум қорытындысы бойынша кескіндеме және акварель техникасы бойынша суретшілердің 100-ден астам шығармашылық жұмысы мен эскиздері қойылған. Симпозиум қорытындысы бойынша суретшілердің еңбектері бар каталог шығады», – дейді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, картиналар аукционға шығарылды. Барлық түскен қаражат балалар үйінің тәрбиеленушілерін дамытуға жұмсалады.