Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлдық “Грация” би ансамблі Түркия мен Дубайда өтетін халықаралық байқаулардың біріне қатыспақ

Петропавлдық “Грация” би ансамблі Түркия мен Дубайда өтетін халықаралық байқаулардың біріне қатыспақ

24 наурызда Түркістанда “Turkestan Music Festival” атты халықаралық байқау-фестивалі өтті. Онда Қазақстанның түрлі қалаларынан барған 20 команда өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының намысын “Грация” би ұжымы сәтті қорғады. Ансамбльге 7-15 жас аралығындағы әртістер мүшелік етеді. “Грация” ансамблінің хореография бойынша оқытушысы Юлия Демешко атап өткендей, үлкен және орта жастағы бишілер тобы екінші орын мен Бас жүлде жеңіп алды.

“Біз Бас жүлдені “Кербез” атты жаңа қазақ биі үшін алдық, үлкен топ өнер көрсетті. Фестивальге шәкірттеріміздің бірнеше құрамы қатысты. Кіші құрам екі бірінші және екінші орын иеленді. Біз барлығы 6 би ұсындық, репертуарымыз әртүрлі”, – деп бөлісті Юлия Демешко.

Петропавлдық ұжым осы жылдың қараша айында Түркияда немесе Дубайда өтетін конкурстарға тегін қатысу құқығын жеңіп алды.

Shares