Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » 116 жастағы бразилиялық монах әйел Ина Канабарро Лукас әлемдегі ең қарт адам болып танылды

116 жастағы бразилиялық монах әйел Ина Канабарро Лукас әлемдегі ең қарт адам болып танылды

Бразилиялық монах әйел Ина Канабарро Лукас Жапония тұрғыны Томико Итооко қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам болып танылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі Гиннестің рекордтар кітабына сілтеме жасап.

Кітап сайтында әлемдегі ең қарт адам болған Томико Итооконың қайтыс болғаны туралы хабарланды. Ол 116 жасында дүиеден өтті.  Гиннестің рекордтар кітабының сайты жаңа рекордшы – бразилиялық монах Ина Канабарро Лукастың есімін жариялады. Қазір оған 116 жас 210 күн.  Ол сонымен қатар әлемдегі ең қарт монах әйел мәртебесіне ие. Ина Канабарро Лукас 1908 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Айтуларынша, ол бала кезінде өте арық болған, сондықтан көп адам оның ұзақ өмір сүретініне күмәнданған.

20 жасында ол монах ретінде ант берді. Ол сонымен қатар португал тілі мен математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.  «Ина 1908 жылы туған соңғы тірі адам және 1900 жылдары дүниеге келген үш тірі адамның бірі» делінген Рекордтар кітабының веб-сайтында.

Shares