Неміс әншісі HorsegiirL неге бет-әлпетін жылқы маскасымен жасырады
Өткен Brit Awards салтанатында тек танымал әрі мойындалған әртістер ғана емес, TikTok-тағы орасан зор танымалдығының арқасында марапатқа ұсынылған жас жұлдыз HorsegiirL де жарқырады. Әншінің имиджі өте ерекше, деп хабарлайды QZ News starhit.ru сайтына сілтеме жасап.
Оны интернетте «әйел-жылқы» деп те атайды. HorsegiirL өнердің өзімен ғана сахнаны бағындыру жеткіліксіз деп шешіп, эпатажды имиджді таңдады. Көптеген әріптестері секілді ашық образдармен ерекшеленудің орнына, ол жай ғана жылқы маскасын киіп шықты.
HorsegiirL-дің музыкалық мансабы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, бірақ ол туралы тек өткен жазда, TikTok-та тректері вирустық хитке айналғанда ғана айтыла бастады. Кейінірек ол бірнеше даулы бейнебаян шығарып, онда арандатушылық образдарда көрінді.
HorsegiirL ешқашан маскасыз көрінбейді және қауесетке сенсек, әлеуметтік желілердегі хайптан кейін өзінің гонорарын 100 мың еуродан 300-500 мың еуроға дейін көтерген. Бұл сома алаңға байланысты өзгеріп отырады. Бірақ эпатажды жақсы көретін жанкүйерлер оның концерттеріне қатысу үшін кез келген соманы төлеуге дайын. Өзі тыңдармандарын «фермерлер» деп атайды, ал олар өз кезегінде оның бет-жүзін не үшін жасыратынын болжап әлек.
Жұлдыз өзінің «жануарлық» шығу тегі туралы аңызын қуана айтып береді. Мысалы, ол жақында Эквадорда демалып, жасыл жайылымдарда еркін жүргенін айтады. Сондай-ақ, оның тікелей эфирлеріне жылқыларға тән дауыстар қосылып жүреді.
Көптеген жанкүйерлер әншінің тек Ұлыбританиядағы ғана емес, әлемдегі ең беделді музыкалық марапаттардың біріне қалай шақырылғанына таңғалды. Продюсерлер бұған аудиторияны жаңарту міндеті тұрғанын және HorsegiirL-дің бейнелері миллиондаған қаралым жинайтынын айтты.
Айта кетейік, музыка тарихында маскамен өнер көрсетіп, үлкен жетістікке жеткен әртістер аз емес. Мысалы, финдік Lordi тобы. Олар құбыжық кейпіндегі маскалар мен костюмдер киіп, «Евровидениеге» қатысты. Сонымен қатар, культтік KISS рок-тобы да бар, олардың мүшелері беттеріне грим жасап, ешқашан бояусыз сахнаға шықпаған.