Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » 1 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

1 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

“Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады”, деп жазылды Ақорданың Telegram-каналында.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

 

Shares