Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » 22 шілде күні Қазақстанда «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады

22 шілде күні Қазақстанда «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады. 22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді”,- деп хабарлайды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Shares