«5 жылдан кейін көмір тапшылығын сезінеміз»: Петропавлда қазақстандық атом электр стансасының құрылысы талқыланды
Солтүстікқазақстандықтардың сауалдарына жауап беріп, Қазақстанда атом электр стансасын салудың пайдасы туралы айту үшін облысымызға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Атом электр стансалары қоршаған ортаны түтін газдарымен, күлмен, құрамында мұнай өнімдері бар ағынды сулармен ластамайды. Бұл көп жылғы зерттеулермен, соның ішінде атом электр стансаларын пайдалану тәжірибесімен дәлелденді, деп атап өтті спикер. Оның айтуынша, көмір енді Қазақстанды жеткілікті қуатпен қамтамасыз ете алмайды. Елдегі ресурс тапшылығы 5 жылдың ішінде сезіледі. Әсіресе, тұтыну пайызы жоғары оңтүстік өңірлер зардап шегеді.
«Атом электр стансасының құрылысы экономиканың дамуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуын, ғылыми прогрестің жоғарылауын қамтамасыз етеді, еңбек нарығы жоғары сапалы кадрлармен толығып, экспорт көлемі артады. Атом электр станцияларын салу үшін біз қазір Абай және Алматы облыстарының аумақтарын қарастырып жатырмыз. Жоба әзірленуде. Ғалымдар түрлі факторларды есептеп жатыр», – деп атап өтті Гүлмира Мүрсалова.