Алаяқ ақтөбелікке 4 миллион теңгенің жоқ кірпішін сатқан
Ақтөбелік азаматқа алаяқ жалпы соммасы 4 миллион теңге болатын жоқ кірпішті сатып жіберген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің кезекшілігіне 33 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданған. Ол интернеттен кірпіш арзан бағаға сатылады деген хабарландыру тауып алғанын айтыпты. Сатушымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін сатып алушы көрсетілген мекенжайға барып, сатып алу жайында егжей-текжейлі сөйлесіп, келісімге келген. Жоқ кірпіштер үшін азамат 4 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша төлеген.
Айлакер тауарды жақын арада жеткізуге уәде берген, бірақ төлем жасағаннан кейін сатушы қоңырауларға жауап бермеген. Уәде еткен затты да жеткізбеген. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі “Алаяқтық” бойынша тергеу амалдары басталды.