Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Алты жылдан кейін қазақстандықтардың 84 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады

Алты жылдан кейін қазақстандықтардың 84 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады

Үкімет Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Шенеуніктер 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді білетіндердің қатары 84 пайызға дейін артуы керек деп отыр, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 84 ​​пайызды, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының үлесі 94 пайызды құрамақ. В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 50 пайызды құрайтын болады.

Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін халыққа арналған қазақ тілі курстары ашылып, бейнесабақтар жүргізіліп, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламалары жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ, жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеу, арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде коммуникативті тілдік талаптарды енгізу де жоспарлануда, тілді білу деңгейлерге бөлінеді.

Shares