Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Арыстағы наубайханада жарылыс болды

Арыстағы наубайханада жарылыс болды

Арыс наубайханасында газ баллоны жарылып, екі қызметкерді термиялық күйік шалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Liter.kz. басылымына сілтеме жасап.

Otyrar.kz ұсынған дерекке сүйенсек, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған.

Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр деп бағаланды.

Оқиға орнында тиісті жұмыс жүргізу кезінде құтқарушылар 50 литрлік екі газ баллонын және 25 литрлік қос баллонды сыртқа шығарды.

Shares