Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Астаналық әйел жеделсаты ішінде ойына келгенді істеген

Астаналық әйел жеделсаты ішінде ойына келгенді істеген

Желіде ел назарын бірден аударар бейнежазба жарияланды. Онда астаналық әйел жеделсаты ішінде ойына келгенді істегенін көруге болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқиға Жирентаев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Әйелдің ерсі әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан оның кабинаны ұрып-соғып, түкіріп, лифт қабырғаларын тырнап жатқанын көруге болады.

“Алматы” ауданының полицейлері бұзық әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды:

434-2 1-бөлім “Жалпы пайдалану орындарының ластануы” (5 АЕК айыппұл);

434 1-бөлім “Ұсақ бұзақылық” (20 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу).

Материал шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Елорда полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.

Сонымен қатар, кез келген құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғады, деп еске салды тәртіп сақшылары.

 

Shares