Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Дейнерис, Хюрем, Сулейман: қазақстандықтар сүйікті сериялдарындағы кейіпкерлердің есімін балаларына беруде

Дейнерис, Хюрем, Сулейман: қазақстандықтар сүйікті сериялдарындағы кейіпкерлердің есімін балаларына беруде

Ұлттық статистика бюросының мамандары азаматтар балаларына фильмдер мен сериялдардағы сүйікті кейіпкерлерінің есімін жиі бере бастағанын атап өтті, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі astana.tv сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, республикада 4 Хюррем, 2 Махидевран және 4 мыңға жуық Сулейман тұрады. Серкан деген атпен 84 адам жүр. Ал 50 қыздың есімі – Эда. Бұл есім қалың көпшілікке «Есігімді қақ» сериялы арқылы жақсы таныс.

«Тақтар ойыны» да көрерменге әсер етті. 9 қазақстандық Айдаһарлардың Анасы Дейнеристің есімін алыпты. Ал 56 қыздың есім жауынгер Арьяның құрметіне берілген

Есім беруде мұндай үрдіс бұрыннан бар. Бұған фильмдер, саяси және басқа да жарқын оқиғалар әсер етуде. «Бір кездегі танымал Олимпиада мен Мэлс соның айғағы»,- дейді тарихшы Орал Құсайынов.

«Қазақстан екі толқынның ықпалында: оңтүстіктен ислам мәдениеті таралуда. Біз одан біршама уақыт қол үзіп қалдық. Қазір қайтадан таралып жатыр. Осыған байланысты Нұрислам, Мұхаммед, Әли сынды исламдық есімдер көп. Батыстың әсері де бар. Алина және Сюзанналар сол жақтан келді. Қазақстан бұл тұрғыда да көп бағытты», – дейді Қозыбаев университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.

Сарапшы қазақ ата-аналарының есім таңдауда әлдеқайда еркін бола түскенін айтады. Ал осыдан 70 жыл бұрын тұңғыш балаға атын қою арман еді.

 

Shares