Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Еркебұлан Мамбетов: “Су бұру мәселелеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Бұған СҚО Саумалкөл ауылы жарқын мысал болып табылады”

Еркебұлан Мамбетов: “Су бұру мәселелеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Бұған СҚО Саумалкөл ауылы жарқын мысал болып табылады”

“AMANAT” фракциясының мүшесі Еркебұлан Мамбетов Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы мәселесін көтерді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Депутаттың айтуынша, су бұру желілерінің тозуы қоршаған ортаның, оның ішінде туристік орындардың ластануына әкеледі.

“Бүгінде еліміздің барлық ауылында халықты сумен қамту жұмыстары жүргізілуде, ал су бұру мәселелеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Бұған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы жарқын мысал болып табылады. Ағынды сулар Үлкен Қоскөл көліне құйылады, бұл көлдің ластануына әкеледі және экологиялық проблемаға әкелуі мүмкін. Магистральдық желілер ерекше қорғалатын табиғи аумақ арқылы өтеді. Мұнда республиканың топ-10 туристік кластеріне енгізілген Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда”, – деді Еркебұлан Мамбетов.

Shares