Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Марат Тасмағанбетов қазақстандық делегация құрамында Қытайда болды

Марат Тасмағанбетов қазақстандық делегация құрамында Қытайда болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған Қазақстан делагациясы Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстан тарапының құрамында өңір әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы болды. Жерлестеріміз Қытай-Еуразия ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына және қазақстан-қытай өңіраралық ынтымақтастығының III форумына қатысу үшін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына ат ізін салды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сапар барысында Серік Жұманғарин ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР ШҰАР парткомының хатшысы Ма Синжумен, сондай-ақ Қытайдың іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында Шандунь провинциясынан “Qily Agro” компаниясының құрылтайшысы Кун мырза, Шэньси провинциясынан “Айдзю Тайынша Май” компаниясының құрылтайшысы Дзя Хей мырза, Debont Agriculture Machinery Бас директоры Цюй Фувэй мырза, Xinjiang Tianye Water Conservation and Irrigation Басқарма Төрағасы” Чжоу Ган мырзамен

Сонымен қатар, көрме алаңында Марат Тасмағанбетов Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ганмен кездесті. Кездесу аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды.

Shares