Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Онлайн-платформалар қазақстандықтар туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндеттелуі мүмкін

Онлайн-платформалар қазақстандықтар туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндеттелуі мүмкін

Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстандағы интернет-платформаларға қатысты жаңа жобаны жариялады. Жобаға сәйкес, онлайн-платформалар қазақстандықтардың интернет арқылы жүргізген операциялары туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндеттелмек, деп хабарлайды QZ NEWS NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Құжатта бұл шара жаңартылған Салық кодексін жүзеге асыру мақсатында ұсынылғаны көрсетілген. Министрліктің мәлімдеуінше, интернет-платформалар арқылы қызмет көрсетіп немесе жұмыс атқарып отырған тұлғалар туралы мәліметтер, егер ол сайттарда төлем жүргізілмесе де, мемлекеттік кірістер органдарына жолдануы тиіс.

«Жобаның мақсаты — интернет-платформалар арқылы қызмет көрсетіп немесе жұмыс атқаратын жеке тұлғалар (оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) мен жеке кәсіпкерлердің табыстарын толық және ашық көрсету. Бұл бейресми жұмыспен қамту деңгейін төмендетуге, азаматтардың белсенділігін арттыруға, кассалық тәртіпті жақсартуға және азаматтардың өз мүдделерін қорғаудағы құқықтық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді», – делінген Қаржы министрлігінің түсіндірмесінде.

Министрлік бұл тәсіл жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің табыстарын заңдастыруға жағдай жасайды деп есептейді.

«Мұндай қадам көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға мүмкіндік береді», – деп қосты ведомство.

Shares