Қазақстанда ерекше балаларға арналған «SPECIAL WAY» жаңа жобасы пайда болды
«Жаңа өмір баста» жеке қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 2023 жылдың қазан айында «SPECIAL WAY» жобасы бойынша жұмысты бастады», – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жобаның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен заңды өкілдерге (қамқоршыларға) әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету, барлық туындаған қолдау мәселелеріне дер кезінде ден қою және мемлекеттік қолдау алу үшін ақпараттық-кеңес беру орталығын құру.
«SPECIAL WAY» жобасының бағдарламасы:
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдер мен ата-аналарға ақпараттық-кеңес беру, психологиялық, құқықтық көмек көрсету бойынша Орталықтың жұмысын ұйымдастыру.
- Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін ата-аналар мен мамандар үшін оффлайн/онлайн форматында ақпараттық-профилактикалық оқыту семинарларын ұйымдастыру.
- Әріптестермен, мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ өкілдерімен, сарапшылармен және басқа да мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.
- Жобаның орындалу барысын БАҚ-та жариялау, соның ішінде, мамандандырылған баспа басылымдары арқылы, сондай-ақ, баспа басылымдарында хабарландырулар жариялау, көрсетілетін көмек пен көрсетілетін қызметтер туралы мақсатты жарнама жүргізу. Кем дегенде 4 мақала және апта сайынғы мақсатты жарнама жариялау.
- «Жол картасын» әзірлеу, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және уәкілетті органдарға құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- Жобаны жүзеге асыруға тарту арқылы жергілікті билік органдарының, ҮЕҰ және бизнес құрылымдарының әлеуметтік әріптестігін дамыту. Осыған орай, білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармалары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті арқылы аталған ақпаратты мақсатты аудитория және барлық мүдделі тұлғалар арасында таратуға қолдау көрсетіп, көмек көрсетуіңізді сұраймыз!