Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда гранттық оқыту тоқтатылуы мүмкін. Ата-аналар ақша жинауға мәжбүр болады

Қазақстанда гранттық оқыту тоқтатылуы мүмкін. Ата-аналар ақша жинауға мәжбүр болады

2037 жылдан бастап мемлекет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін пайдалануды ұсынып, білім гранттарын беруді тоқтатуды жоспарлап отыр. Жоғары білім министрлігі бұл бағдарлама ата-аналарға университетте оқуға қажетті соманы өз бетінше жинауға мүмкіндік береді деп есептейді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл бағдарлама бойынша бала 5 жасқа толған кезде мемлекет оның шотына 60 АЕК көлемінде біржолғы бастапқы капиталды салады. Оған мемлекеттен ай сайын жеті пайыздық сыйақы есептелетін болады. Банктер де өз сыйақыларын аударады. Бала 18 жасқа толғанда Ұлттық қордан да қаражат аударылады.

Міндетті шарт: ата-аналар бастапқы капиталды алғаннан кейін бала 18 жасқа толғанға дейін шотына ай сайын 1-ден 3 АЕК-ке дейінгі жарна салуға міндетті.

Сондай-ақ тетік ата-ана сақтандыру компаниясы арқылы шот ашатын болса, ата-анасы қайтыс болған немесе мүгедек болған жағдайда балаға білім алу үшін пайдаланылуы мүмкін сақтандыру төлемі берілетінін де қарастырады.

Мемлекеттік сыйлықақылар мен инвестициялық кірісті ескере отырып, 18 жасқа дейін жинақ 3,8-ден 6,8 миллион теңгеге дейін болады, деп хабарлады министрлік.

Бұл ретте ведомсто жиналған қаржы білім алуға жетпей қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Қаражат жеткіліксіз болса, бала 18 жасқа толған кезде оқуға жеңілдетілген несие алуға және сараланған білім беру грантын пайдалануға мүмкіндік туады», – делінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарламасында.

Егер жүйе қабылданса және ол жұмыс істесе, гранттар 2036 жылға дейін беріле береді, бірақ тек сараланған гранттар тағайындады.

Дегенмен, «Келешек» жинақтаушы жүйесі жұмыс істей бастауы үшін заңға өзгерістер енгізу қажет. Жоба қазір бюджеттік комиссияның қарауында, мақұлданса, олар арнайы заң жобасын дайындауға кіріседі.

 

Shares