Қазақстанда телевидение мен радио уақытша жұмысын тоқтатады
Осы сенбі күні Қазақстанда шамамен 14 сағат телевидение мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
“Қазтелерадио” АҚ хабарлауынша, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) “Қазмедиа орталығының” хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.
“Сондай-ақ “Қазтелерадио” АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, профилактикалық жұмыс жүргізеді. Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз”, – делінген хабарламада.
Уақытша қолайсыздықтар үшін “Қазтелерадио” АҚ кешірім сұрайды.