Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандық әуе компаниялары қосымша рейстер ашады

Қазақстандық әуе компаниялары қосымша рейстер ашады

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның әуе компаниялары рейстер санын арттырады, деп хабарлайды QZ News Tengri Travel сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында ішкі және халықаралық бағыттар бойынша 120 қосымша рейс орындалады. SCAT әуе компаниясы 32 қосымша рейс орындайды, оның ішінде:

Астана – Алматы – 16 рейс;

Астана – Шымкент – 8 рейс;

Алматы – Шымкент – 8 рейс.

Сонымен қатар, SCAT мамыр айының соңынан бастап жаңа халықаралық бағыттар ашады:

Шымкент – Каир (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс);

Шымкент – Сиань (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс);

Шымкент – Будапешт (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс).

“Әуе билеттері әуе компаниялардың ресми сайттарында қолжетімді. Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша тарифтерді көтеру жоспарланбаған, билеттердің бағасы өзгеріссіз қалады. Билет бағасы нарықтық факторларға (ұшу мерзіміне дейінгі сатып алу уақыты және т.б.) байланысты өзгеруі мүмкін”, – делінген хабарламада.

FlyArystan 33 қосымша рейс орындайды:

Астана – Алматы – 11 рейс;

Астана – Орал – 4 рейс;

Алматы – Шымкент – 3 рейс;

Алматы – Қарағанды – 2 рейс;

Алматы – Қызылорда – 2 рейс;

Астана – Шымкент – 2 рейс;

Астана – Түркістан – 2 рейс;

Алматы – Қостанай – 1 рейс;

Алматы – Семей – 1 рейс;

Алматы – Павлодар – 1 рейс;

Алматы – Орал – 1 рейс;

Астана – Қызылорда – 1 рейс;

Астана – Ақтау – 1 рейс;

Астана – Өскемен – 1 рейс.

Сондай-ақ, 4 маусымнан бастап Қарағанды – Стамбул бағыты бойынша аптасына 2 рейс орындалады.

“Qazaq Air” әуе компаниясы мереке қарсаңында және мереке күндері ішкі бағыттар бойынша (Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан) рейстер санын арттыру мәселесін қарастыруда”, – делінген хабарламада.

Air Astana 55 қосымша рейс қосады:

Ішкі бағыттар:

Астана – Алматы – 8 рейс;

Атырау – Астана – 6 рейс;

Атырау – Алматы – 3 рейс;

Алматы – Шымкент – 2 рейс;

Алматы – Қызылорда – 2 рейс.

Халықаралық бағыттар:

Алматы – Сеул – 4 рейс;

Алматы – Стамбул – 4 рейс;

Астана – Стамбул – 4 рейс;

Алматы – Мале – 4 рейс;

Алматы – Бейжің – 2 рейс;

Астана – Сеул – 2 рейс.

Көктемде ашылатын жаңа бағыттар:

Алматы – Нячанг (30 наурыздан бастап, аптасына 4 рейс);

Астана – Нячанг (31 наурыздан бастап, аптасына 3 рейс);

Алматы – Гуанчжоу (30 наурыздан бастап, аптасына 3 рейс);

Алматы – Мумбай (20 сәуірден бастап, аптасына 3 рейс);

Атырау – Тбилиси (28 мамырдан бастап, аптасына 3 рейс);

Астана – Франкфурт (1 маусымнан бастап, аптасына 3 рейс).

“Әуе компаниялар техникалық мүмкіндіктеріне қарай мереке күндері рейстер санын арттыру жұмыстарын жалғастырады”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Shares