Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандық блогерлер өз табыстарын 53,3 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен —МКК

Қазақстандық блогерлер өз табыстарын 53,3 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен —МКК

Қазақстанда блогерлердің салықтық міндеттемелерін орындауы тексеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствода мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалар, оның ішінде инфлюенсерлер — блогерлер — тарапынан салықтық міндеттемелердің толық орындалуын бақылауды үнемі жүргізіп отыратынын атап өтті, деп хабарлайды QZ News.

Бұл бақылау шаралары барысында мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және басқа да тұлғалармен өзара әрекеттеседі.

«Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді салыстыру нәтижесінде 594 тұлға бойынша 53,3 млрд теңге көлемінде айырмашылықтар анықталды. Нәтижесінде 13-14 ақпан аралығында «табысты төмендету» бұзушылығы бойынша камералды бақылау туралы хабарламалар жіберілді», — делінген МКК хабарламасында.

Хабарламаны орындау үшін қосымша салықтық есептілік пен өз бетінше есептелген салықтарды төлеу қажет, ал егер келіспеген жағдайда — түсініктеме беру керек. Хабарлама орындау мерзімі — 30 жұмыс күні.

Shares