Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандықтар онлайн режимде паспорт ала алады

Қазақстандықтар онлайн режимде паспорт ала алады

Жеке құжаттарды рәсімдеу қызметі қазақстандықтар үшін онлайн режимде қолжетімді болады, деп хабарлайды QZ News Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған қатысты бұйрыққа Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қол қойды.

Қызметтер электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы көрсетіледі.

«Жоба «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңды іске асыру аясында әзірленді. Оның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру, тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру қызметінің сапасын жақсарту. Жоба аясында жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны беру қызметін онлайн-форматқа көшіру көзделген. Бұл қолданыстағы тәртіпке балама ретінде 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады», – делінген бұйрықта.

Жобаны іске асыруға қаржылық шығындар талап етілмейтіні атап өтілді. Құжат «Ашық НҚА» порталында 19 наурызға дейін көпшілік талқылауына шығарылды.

Shares