Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Яғни, қалған 20 күнде жұмыс істейді. Көпке мәлім, айдың ортасында елімізде Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығы атап өтіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

16 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні биыл сенбіге сәйкес келіп тұр. Мерекелік датаны дүйсенбіге ауыстырудың нәтижесінде қосымша демалыс күні пайда болады.

Осылайша, қазақстандықтар былай демалады:

  • 2023 жылғы 16, 17, 18 желтоқсан күндері бес күндік жұмыс аптасы болған жағдайда;
  • 2023 жылғы 16, 17 желтоқсан күндері алты күндік жұмыс аптасы болған жағдайда (6 күндік аптада 18 желтоқсан жұмыс күні болады).
Shares