Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ҚР цифрлық даму министрлігі интернетті саналы түрде пайдалануға шақырды

ҚР цифрлық даму министрлігі интернетті саналы түрде пайдалануға шақырды

Бүгінгі таңда мобильді интернет әрбір қазақстандыққа ауадай қажет. Мобильді интернет сапалы болса, байланыс жақсарады, жұмыс жақсы жүреді. Бірақ, мұнымен ұялы байланыс операторлары келіспейтін сияқты. Қазір олардың қызметтерінде бұрынғыдай шексіз арзан интернет жоқ. Жағдайды ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин түсіндірді, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Егер 25 ГБ жетпесе, онда адам интернетті қаншалықты көп қолданатыны туралы ойлануы керек шығар. Бәлкім ол өзіне қажет болғаннан да көп қолданатын шығар. Өйткені 25 ГБ – бұл әлеуметтік желілерде отыру мен ақпаратты шолу үшін өте үлкен көлем және 25 ГБ пайдалану керемет пайдалы деп айтуға болмайды. Сондықтан мен жоғарыда айтқанымдай, егер сегіз сағат жұмыс істейтін қарапайым тұрғын болса, шын мәнінде осыншама интернет қолданбайды. Ол үйінде Wi-Fi желісіне қосылып жұмыс істейді. Ал жұмыста жұмыстағы интернетке қосылады. Интернет гигиенасы да – өзекті мәселе”, – деді Бағдат Мусин.

Бұл ретте министр  операторлардың тарифтерді көтеруін жақтамайтынын айтты және еліміздегі тұрғындарды мобильді интернетті саналы түрде пайдалануға шақырды.

“Еліміздегі тұрғындардың мобильді интернетті саналы түрде пайдалануды үйренуін қолдаймын. Әлеуметтік желілерді қолдану пайдалы болуы да, зиян келтіруі де мүмкін. Адам өзі үшін әлеуметтік желілерге кіруін бақылауы керек”, – деп түйіндеді министр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Shares