Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ҚР-да белгісіз әлеуметтік қор өкілдері отандастарымызға ақша ұсынып, адастыруда

ҚР-да белгісіз әлеуметтік қор өкілдері отандастарымызға ақша ұсынып, адастыруда

1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми жауабы. Мәселенің басын ашайық, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады», деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды.

Shares