Сарапшылар Қазақстанның мегаполистерінде орта тап қандай жалақы алатынын айтты
Табыс деңгейі халықтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Ал көрсеткіш бойынша қазақстандықтарды бірнеше топқа бөлуге болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі NUR.KZ. сайтына тілтеме жазап.
Орта тап – бұл материалдық және әлеуметтік қажеттіліктердің кең ауқымын жабу үшін жеткілікті әрі тұрақты табыспен сипатталатын халықтың әлеуметтік тобы. Әдетте, орта тап ел экономикасы үшін маңызды элемент болып саналады. Өйткені, бұл – тауарлар мен қызметтердің негізгі салық төлеушілері мен тұтынушылары.
Бірақ Jusan Analytics атап өткендей, Қазақстандағы мегаполистерде тұратындардың көпшілігі орта тап деңгейіне жете алмайды. Сонымен қатар, зерттеушілер күнделікті шығындары олардың кірісінің 40-50%-нан аспайтын, яғни лайықты өмір сапасына қол жеткізу үшін жеткілікті ақша табатын азаматтарды осы санатқа жатқызады. Бұған дейін біз Қазақстанның мегаполистерінде жайлы өмір сүру үшін қанша қаржы қажет екенін айтқан едік.
Талдаушылардың зерттеу деректеріне сәйкес, Астана мен Алматы тұрғындарын табыс деңгейі бойынша алты топқа бөлуге болады:
- ең аз қамтылғандар – барлық салықтар мен әлеуметтік аударымдардан кейін айына 70-тен 200 мың теңгеге дейін алады;
- аз қамтылғандар – табыс 201-ден 400 мың теңгеге дейін;
- төменгі орта тап – айына 401-ден 700 мың теңгеге дейін “таза” табыс табады;
- орта тап – жалақы 701 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін;
- табысты – олардың табысы 1,2 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін;
- қамтамасыз етілгендер – айына 2 млн теңгеден астам табыс табады.
Бұл зерттеулер тіпті Алматы және Астана сияқты ірі қалаларда да жұмыспен қамтылғандардың 90%-дан астамы елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап деңгейіне жете алмайтынын көрсетеді.
“Мегаполис жұмысшыларының жартысына жуығының (49%) жалақысы негізгі шығындарды жабу үшін жетпейді. Орташа классқа 700 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейінгі жалақысы бар қызметкерлердің тек 4,4% ғана жатқызуға болады, олардың күнделікті шығыстары табыстың 40-50% құрайды. Ал табысы орташадан жоғары қызметкерлер жұмыспен қамтылған халықтың ең аз үлесін – 2% құрайды”, – делінген дереккөзде.
Бұл ретте мегаполистер арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады: егер Алматыда жұмыспен қамтылғандардың 51% өздерінің базалық қажеттіліктеріне жұмсағаннан аз табыс табатын болса, онда елордада жұмыспен қамтылғандардың 13% жалақы жетіспейді. Осы орайда айта кетейік, Астанадағы орта тап өкілдерінің саны алматылықтардан 2 еседен аса көп: 24% қарсы 11%.