Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ШҚО-да көмір тиелген вагондар релстен шығып кетті

ШҚО-да көмір тиелген вагондар релстен шығып кетті

Бүгін таңертең Бұқтырма-Заводинка теміржол учаскесінде жүк пойызының 12 вагоны релстен шығып кетті, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Аltaynews.kz жазғандай, зардап шеккендер жоқ.

«Төтенше жағдайларды жою қызметтері дереу жұмылдырылып, Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі жағдайды бақылауға алды», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жүк пойызының руда мен көмір тасымалдағаны белгілі болды.

 

Shares