Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді. Оған адамдар техника, жиһаз бен киім алады

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді. Оған адамдар техника, жиһаз бен киім алады

Бұл жайлы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», — Олжас Бектенов.

Shares