Таяқ жеген оқушы Жамбыл облысындағы көше дәретханасында көз жұмды
Жамбыл облысындағы көше дәретханасында оқушыны ұрып-соққан. Салдарынан ол сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz. АА сілтеме жасап.
Болған оқиға туралы журналист Данияр Әлімқұл Facebook желісінде жазды. Оның айтуынша, Байзақ ауданының Құмжота ауылында орналасқан Алтынсарин атындағы мектептің көше дәретханасында тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын ұрған. Нәтижесінде жасөспірім көз жұмды.
Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Күдікті, кәмелетке толмаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар, мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.