Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Жамбыл облысында 300-ден астам адамды қатты аяздан “бақилық еткен” әйел іздестірілуде

Жамбыл облысында 300-ден астам адамды қатты аяздан “бақилық еткен” әйел іздестірілуде

Жамбыл облысында қатты аяздан қаза тапқандар жайлы жалған хабар таратқан әйелге миллиондап айыппұл салу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Облыста 3 күн қолайсыз ауа-райы болды. Осы уақыт ішінде құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен әскерилер қар құрсауында қалған 5 мыңнан астам адамды құтқарды. Кейін барлық орган есеп берді: құрбандар жоқ.

Дегенмен, бір әйел “Мына адамдар Қордай ауданындағы ауа-райының қолайсыздығы салдарынан қатып қалды. Оларды табытқа салып, белгісіз бағытта шығарып жатыр” деген жазбамен фамилиялар тізімін жариялады.

Әйелдің табыттардағы жүздеген мәйіт туралы хабарламасы қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Ақпарат расталмады. Енді өтірікке құмар ханым іздестірілуде. Жалған хабарлама үшін оған 9 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Осындай жаза алматылыққа да қарастырылмақ. Ол жеті адамнан тұратын отбасымен бірге қарлы жолда, қатты аязда тұрып қалған. Ер адам өздерін тезірек құтқару үшін өтірік әңгіме таратыпты. Ол өзі келе жатқан автобуста 17 баланың қатты тоңғанын, арасындағы 2 баланың қайтыс болғанын мәлімдеген.

“Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында кәмелетке толмаған балалардың қатты тонуы және қайтыс болуы туралы көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін ер адамның тұрғылықты жеріндегі әріптестерге берілді. Қалған фактілер бойынша қажетті жедел-іздестіру іс — шаралары жүргізілуде”,- деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Shares