Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2024 жылы СҚО-ға ЭКҰ рәсімі үшін 189 квота бөлінді

2024 жылы СҚО-ға ЭКҰ рәсімі үшін 189 квота бөлінді

СҚО-да халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығы басталды. Ресми мәліметтер бойынша, аймақта 15 пен 49 жас аралығындағы 116 мыңнан астам әйел тұрады. Олардың жартысына жуығы әртүрлі аурулармен есепте тұр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір перинаталдық орталықта түсік қаупі жоғары 25 жүкті әйел бақылауда жатыр, бұл азаматшалар Астана қаласындағы Ана мен бала орталығына босанбақ. Өңірде отбасын жоспарлау бойынша 18 кабинет жұмыс істейді”,- деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс акушер-гинекологы Елена Калюжная.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі ҚР-да 2021 жылдан бастап бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар үшін “Аңсаған сәби” бағдарламасы жұмыс істеп жатқанын айтты.

“3 жыл ішінде ЭКҰ рәсімдері үшін Солтүстік Қазақстан облысына 608 квота бөлінді, оң нәтиже 194 жұпта тіркелді, 25 отбасында егіздер пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жыл үшін СҚО-ға 189 квота бөлді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы квоталарды бөлу жөніндегі комиссияның 8 отырысы өткізілді. 84 квота мақұлданды, бағдарламаға 67 ерлі-зайыпты кірді”, – деді Елена Калюжная.

Shares