Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «АМАНАТ» партиясы филиалының мүшелері салық кодексіндегі жаңашылдықтарды талқылады

Петропавлда «АМАНАТ» партиясы филиалының мүшелері салық кодексіндегі жаңашылдықтарды талқылады

Елімізде салықтық қарызға байланысты шоттарды блоктау шарттары өзгермек. Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың қаңтарынан күшіне енеді. Келер жылдың шілдесіне дейін құжатқа өзгерістер енгізіліп, қабылданатын болады. Бұл және басқа мәселелерді қалалық мәслихаттағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Наталья Некрасованың айтуынша, жаңашылдықтардың бірі – салық қарызы болған жағдайда есептерді бұғаттау шарттарын қайта қарау болмақ. Жаңа кодекске сәйкес енді шоттағы барлық соманы емес, қарыз сомасы шегінде ғана бұғаттау қарастырылған. Бұл туралы жиында СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Наталья Некрасова айтып берді.

«1600 АЕК-ке дейінгі салық қарызы бойынша 12 айға кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Салықтық есептілік 30%-ға қысқарады, соның ішінде салық міндеттемелерінің сомасы 1 миллион теңгеден аз болған жағдайда мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу, сондай-ақ бизнес субъектілері үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептеулер мен декларациялар алынып тасталады. Бұрын жиі талқыланған қосылған құн салығы мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру қарастырылмайды», – деді Наталья Некрасова.

Сонымен қатар, өзгерістер арасында жеке табыс салығының дифференциалды ставкаларын енгізу, салықтық қарыз бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі, банктер мен криптобиржаларға арналған жаңа фискалдық саясат, әкімшілендіруді цифрландыру бар. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады.

 

Shares