8 наурызды Петропавлда қайда атап өтуге болады
8 наурыз – көктем мен сұлулық күні жақындап келеді. Оған дейін әлі 2 апта бар болса да, бірсыпыра адам мерекені жарқын етіп өткізуді ойлайды. СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы өкілдері облыс орталығында әдемі ханымдар үшін мекемелер дайындапты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Халықаралық әйелдер күні әлемнің 27 елінде атап өтіледі. Әйелдердің құқықтары үшін жаппай наразылықтардан пайда болған мереке уақыт өте келе көп өзгеріске ұшырады. Көптеген халықтар үшін 8 наурыз әйелдердің ғылымға, саясатқа және мәдени өмірге қосқан орасан зор үлесін еске салады. Бұл сондай-ақ нәзікжандыларға қамқорлық, құрмет және сүйіспеншілік көрсете отырып, алғыс айтудың бір себебі.
8 наурызды жоғары деңгейде тойлаудың негізгі нұсқаларының бірі – жайлы атмосферасы мен жағымды музыкасы бар мейрамханалар.
Әдетте, Халықаралық әйелдер күнін тойлау нақты күнінен бірнеше күн бұрын басталады. Қалыпты жағдайда салтанатты атмосфера 6 наурыздан бастап жасалады. СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Фроловтың айтуынша, ақпан айының басынан қала тұрғындарынан 8 наурызда қай жерде қызықты болады және баға туралы сұрақтар түсе бастаған.
“Жұмыс топтары әйелдерді құттықтай бастайды, олардың құрметіне салтанатты іс-шаралар өткізіледі және бұл жақсы үрдіс. Алда 8 наурыз және тағы 2 демалыс бар, сондықтан адамдар дұрыс демалып, тойлауға уақыт алады. Ал мейрамханаларда немесе кафелерде үстелдерді белсенді броньдау 10 ақпаннан басталды”, – деп атап өтті Андрей Фролов.
“ЕВРОПА”, “ТОЙ-ДУМАН”, “ТРИ СКОВОРОДКИ”, “FRESH” мейрамханалары 6 наурыздан бастап сыйлықтары бар жарқын шоулар, би кештерні, қаланың танымал жүргізушілері және ди-джейлерінің қатысуымен бағдарлама ұсынады. 7 наурыздан бастап әйелдер күнін мерекелеуге “DR. RIIIBS”, “DUBLIN”, “ФОРСАЖ”, “PLAZMA”КАРАОКЕ-БАРЫ, “MONT BLANC” шақырады.
“Орташа баға – бір адамға 10 000 теңге. Баға алкогольдің болуына немесе болмауына байланысты. 6-7 мың теңгеге демалуға болатын мекемелер де көп. Әдетте кіру құны 1-2 мың теңгеден аспайды. Көптеген мекемеде жүргізушілер, диджейлер, жанды музыка, жүлделері бар конкурстар және т. б бағдарламалары бар. 8 наурыз мерекесінде көптеген мейрамханалар қонақтарға гүл сыйлайды, кейбіреулері сыйлық ретінде тапсырыс беруге тәтті десерт немесе бір стақан шарап дайындайды”, – деді “СҚО рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы” ҚБ атқарушы директоры”Андрей Фролов.
Айта кетейік, Халықаралық әйелдер күніне арналған залдар түрлі-түсті шарлармен және гүлдермен безендіріліп, арнайы фото-аймақтар құрылып, музыканттар аппаратура әкеледі.
“Екі әйел де алдын-ала төлем жасау арқылы алдын-ала тапсырыс бере алады. Мұндай жиі болады. Бірақ кейде 10-30 адамнан тұратын ұжымдар брондайды. Әрине, олар мәдени демалып, дәмді кешкі ас ішкісі келеді. Бұл жерде мейрамханалар өздерінің барлық қабілеттерін көрсетуге, өз тағамдарымен таң қалдыруға, ал жетекші және шығармашылық ұжымдар бағдарламаға қызықтыруға мүмкіндік алады”, – деп түйіндеді спикер.