Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Айыртау ауданында коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай таратылды

Айыртау ауданында коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай таратылды

Наурыз мерекесі қарсаңында Айыртау ауданында «Jastar Ruhy» жастар қанаты мен Жастар ресурстық орталығы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Жылы жүрек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.

Акция барысында коммуналдық қызметкерлерге дәстүрлі бауырсақ пен ыстық шай таратылды. Ұйымдастырушылар бұл шараның мақсаты – қалалар мен ауылдардың тазалығы мен тәртібі үшін күнделікті еңбек ететін жандарға алғыс білдіру екенін атап өтті.

«Өз еңбегімен тұрмысымызды жайлы ететін адамдарды қолдау – біздің міндетіміз. Біз бұл игі дәстүрді жалғастырып, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуді дәріптей береміз», – деді ұйымдастырушылар.

Коммуналдық қызметкерлер жастардың ықыласы мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдіріп, осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Shares