Ақжар ауданында өткен облыстық семинарға 75 мұғалім қатысты
Ақжар ауданы Талшық ауылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және олардың жүзеге асырылуы» атты облыстық мұғалімдер семинары өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шара Бестерек орта мектебінде өтті. Тренингке 75 педагог, мектеп директорларының орынбасарлары, мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері, колледж мұғалімдері қатысты.
Семинарға қатысушылар біртұтас білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы құндылықтардың маңыздылығы мен оларды білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер мен тәрбиешілер құндылықтарға негізделген іс-шараларды өткізудің жаңа әдістерімен және стратегияларымен таныстырылды, сондай-ақ олардың кәсіби деңгейлері көтерілді.