Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Асхат Жақыпбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы қызметінен кетті

Асхат Жақыпбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы қызметінен кетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен ротация тәртібінде Асхат Жақыпбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы лауазымына ауыстырылды. Бұл туралы Асхат Жақыпбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады, деп жазады QZ News.

Ол СҚО-да атқарған жұмысы барысында әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту және халықтың конституциялық құқықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін бар білімін және тәжірибесін жұмсағанын атап өтті.

«Мұнда мен баға жетпес тәжірибе жинадым, ол жаңа қызметтегі міндеттерді орындауға берік негіз боларына сенемін. Солтүстікқазақстандықтардың ашықтығы, шынайылығы және қонақжайлылығы есімде мәңгі сақталады. Бұл қасиеттер талай маңызды, сол сәтте қажет шешімдерді әділ қабылдауға септігін тигізді. Осы уақыт бойы облыс басшылығының, азаматтық қоғам өкілдерінің, БАҚ пен халықтың қолдауын сезіндім. Өңірмен қоштаса отырып, баршаңызға қолдау мен сенімдеріңіз үшін алғыс білдіремін, әрқайсыңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбіт өмір мен амандық тілеймін!», – деп жазды Асхат Жақыпбеков.

Еске сала кетейік, Асхат Жақыпбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне 2023 жылдың тамызында тағайындалған болатын.

Shares