Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Австриялық инвестор СҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті

Австриялық инвестор СҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті

Австриялық компания СҚО-да инвестжобаны жүзеге асыруға ниетті. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Kronospan Holding East” акционерінің өкілі, инвестжобаның Орталық Азиядағы басшысы Томаш Янчакпен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңірде австриялық компания бағдарланған жоңқалы тақталар шығару инвестжобасын жүзеге асырмақ. Өңірде бұған дейін ламинатталған фанера өндірісі ашылғаны мәлім. Ағашты терең өңдеу зауытының құрылысы аяқталуға жақын, онда ДСП және ЛДСП шығаратын болады.

«Шетелдік инвесторға жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қолдау мен көмекті көрсетеміз. Оның үстіне ағаш өңдеу саласын дамыту бағытында тәжірибеміз бар», – деп жазды өңір басшысы.

Shares