Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Азамат Бектасов Жамбыл ауданы әкімі қызметіне тайындалды

Азамат Бектасов Жамбыл ауданы әкімі қызметіне тайындалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бектасов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Азамат Бектасов Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2011 жылы экология мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Есіл ауданы Покровка ауылында арнайы пәндер мұғалімі болып қызмет атқарды.

2013 жылдың қараша айынан Есіл ауданы Покровка ауылында агрохимия пәні мұғалімі болып еңбек етті.

2014 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы атанды.

2015 жылдың қазан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы атанды.

2017 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың желтоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары атанды.

Ал 2021 жылдың маусым айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды.

 

 

Shares