Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Балалардың құқықтарын қорғау комитеті: “Ананы қалған балаларын тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылданды”

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті: “Ананы қалған балаларын тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылданды”

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті маңызды хабарлама жасады. Орган СҚО Уәлиханов ауданында анасының қолынан зардап шеккен қыздың жағдайы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетін болады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Уәлиханов ауданында кәмелетке толмаған қызын өз анасы ауруханадан бір-ақ шығарды. СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Сұрағанова әлеуметтік желілерде хабарлағандай, анасы қызының жамбас буыны аумағына үй тапсырмасын орындамағаны және үй дәптерін тиісінше жүргізбегені үшін пышақ сұғып, жарақат салған. Тергеу аясында жасалған қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті комиссия құрылып, отбасыға барды, оқиға орнын көрді. Зардап шеккен қыздың ата-анасы 6 бала тәрбиелеп отыр, балалардың атасы және әжесімен бірге тұрады.

Shares