Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Биоқазандықтың арқасында Бескөл мектеп-колледжі шамамен 5 млн теңге үнемдейді

Биоқазандықтың арқасында Бескөл мектеп-колледжі шамамен 5 млн теңге үнемдейді

Бескөл мектеп-колледжінде блок-модульдік қазандық 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында білім беру мекемесіне “Радуга” ЖШС күрделі жөндеу жүргізген, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазандықты орнатуға 92 миллион теңге жұмсалды. Толығырақ айтсақ, біз банктен 73 миллион алдық. “Даму” қоры және БҰҰ даму бағдарламасы арқылы 40%-ға дейін жеңілдік жасалды. Менің ойымша, мұндай қазандықты орнату – өте дұрыс шешім”,- деді Бескөл мектеп-колледжінің директоры Татьяна Мишкина.

Құрылғы мектепті толығымен жылытады. Отын ретінде ағаш қалдықтары қолданылады. Оның бағасы көмірден бірнеше есе арзан. Ал қазандықтың қуаты сағатына 300 кВт құрайды.

“Жылу энергиясының құны өсуде. Егер бұрын 13 миллион теңге төлеген болсақ, қазір әлдеқайда аз төлейміз, яғни 8 миллион бөлеміз. Бұл – айтарлық үнемдеу”,- деді Бескөл мектеп-колледжінің директоры Татьяна Мишкина.

Бескөл мектеп-колледжінде қазір мыңнан астам ұл мен қыз оқиды. Оның 940-ы оқушы болса, 80-і – студент.

 

 

 

 

Shares