Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Бұршақ пен жел: СҚО-да 31 шілде күні екпіні күшті дауыл күтіледі

Бұршақ пен жел: СҚО-да 31 шілде күні екпіні күшті дауыл күтіледі

Ертең, 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК сайтында жазылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

31 шілде күні Петропавлда найзағай ойнайды деп күтілуде. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Shares