Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Бұрын сотталған оқушы 19 жастағы Петропавл тұрғынына пышақ жарақатын салды

Бұрын сотталған оқушы 19 жастағы Петропавл тұрғынына пышақ жарақатын салды

Жұмысшы кентінде екі жігіт жаға жыртысты. №44 орта мектепте оқитын 18 жастағы бала жанжалдың екінші қатысушысын пышақпен жаралады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ол 13 мамырда келді. Мектепте 1 күн болды. 14 мамырда мектепке келген жоқ. 15 күні мектепке келіп,
осындай оқиға болды. Ол өзінің қатарласына пышақ салды, бірақ біз зардап шеккен жанды білмейміз. Яғни, белгісіз жігіт. Дене шынықтыру мұғалімі полиция шақырды, маманымыз оқиға орын алған жерден өтіп бара жатқан екен. Ол балалармен жарысқа бармақшы болған және аялдамаға қарай жүрген. Мұны дене шынықтыру мұғалімі, АӘД мұғалімі және мектептің өзге балалары көрді. Мектеп ғимаратында пышақтаған бала әрдайым сабырлы болды, байсалды жүрді. Мұғалімдерге әрқашан құрметпен қарайтын”, – деді №44 орта мектептің директоры Анастасия Якушева.

Оқушының соттылығы бар. 12 желтоқсаннан 13 мамырға дейін ол арнайы режимдегі мектепте оқыды. Кәмелетке толғаннан кейін оқуын аяқтау үшін өзінің мектебіне оралды. Жанжалдан кейін жедел жәрдем дәрігерлері пышақталған 19 жастағы азаматты көпсалалы облыстық аурухананың бөлімшесіне жеткізді. Жігітке ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалайды.

“Кеше 15 мамыр күні сағат 11:20-да 19 жастағы науқас пышақтан жаралану диагнозымен жеткізілді. Жараның ену сипаты анықталғандықтан, науқас шұғыл түрде операциялық бөлмеге көтерілді. Шұғыл түрде өмірлік көрсеткіштер бойынша операция, лапаротомия, іш қуысы мүшелерінің зақымдануын жою жүргізілді. Осыдан кейін науқас реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Бүгінгі күні, таңертең науқастың жалпы жағдайы – ауыр, тұрақты. Осыған байланысты ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды”, – деді көпсалалы облыстық аурухана директорының орынбасары Руслан Абетов.

Күдікті ұсталды. Ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жас жігіт денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды.

Shares