Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Дәрігерлер үстеріне сылақ түскен балалардың миы шайқалғанын жоққа шығарды

Дәрігерлер үстеріне сылақ түскен балалардың миы шайқалғанын жоққа шығарды

Кеше жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілген мектеп оқушыларының қазіргі жағдайы туралы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында айтып берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қожаберген жырау атындағы No6 орта мектептің үш оқушысына төбеден сылақ опырылып түскен болатын.  

«4 желтоқсан күні сағат 18:28-де ауруханаға 13 пен 12 жас аралығындағы үш бала түсті. Сыныптағы төбедегі сылақ опырылып түскені белгілі болды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларды травматолог пен штаттан тыс невропатолог тексерді. Мидың шайқалуы жоққа шығарылды. Екі балада арқа жарақаты, үшінші баланың бас терісінде жұмсақ тіндердің көгеруі анықталды. Балалар ауруханада түнді тыныш өткізді. Балалар динамикалық бақылау үшін әлеуметтік себептермен ауруханаға жатқызылды.Балалар бүгін ауруханада қалады, ертең жағдайы қанағаттанарлық болса, үйлеріне шығарылады», – деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман.

Shares