Экологтар уран кеніштері консервацияланып жатқан Саумалкөл ауылындағы радиацияның фондық деңгейін бақылап жатыр
Сұрақ-жауап барысында өңір басшысының атына Солтүстік Қазақстанның экологиясына қатысты түрлі сауалдар түсті. Журналистердің бірі Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылы маңындағы шахталардың жай-күйіне қызығушылық танытты. Бұл туралы Ғауез Нұрмұхамбетов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Саумалкөл ауылындағы уран кеніштері консервацияланып жатыр. Учаскелерде ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Консервациялау кезеңінде оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен барлық қажетті қызметтер кірген жұмыс комиссиясы құрылды. Полиция шахтада тәртіпті сақтауда. Қоршаған ортаны қорғаушылар радиацияны бақылайды. Ол жерде барлық көрсеткіштер қалыпты екеніне сенімдімін», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.