Есіл ауданында проблемалық жолдар жөнделуде
Есіл ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 505,5 км. Биыл аудандағы Бесқұдық ауылына апаратын жолда орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Оның жалпы ұзындығы – 25 км. 709 млн теңге жұмсалды. Бұл проблемалық учаске жергілікті тұрғындарды біраз мазалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ұзындығы – 5,5 км, ал құны – 61,5 млн теңге. Бұлақ ауылына кіреберіс жолды ағымдағы жөндеу бойынша жоба іске асырылуда. Ауылішілік жолдарды салуға және қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылады. 900 млн теңгеден астам сомаға ұзындығы 27,2 км құрайтын 5 жобаны іске асыру басталды.
“Тораңғұл ауылындағы жалпы ұзындығы 5,5 км құрайтын ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 188 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Чириковка ауылында ұзындығы 11 км болатын көшелерде жұмыс аяқталды. Николаевка ауылында жолдың ұзындығы – 5,3 км. Енді жол белгілерін орнату және таңбалауды аяқтау қалды. Бұлақ ауылындағы 4,6 км кентішілік жолдар орташа жөндеу көреді. Жобаның құны 146 млн теңгеден асады. Шарттық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамауына байланысты мердігер ұйым сот берілді. Ал Ақтас ауылында жұмыстар аяқталды”, – деді Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.